Ой
Ой

 

Уақыт - жоқ, 
Мен де - "жоқпын" бұл жерде,
уақыт жоқ, ойлануға біздерге.
Топырақтың күрсінісін айтайын,
бәлкім, қызық "Сіздерге":
ішімізден келер күнді есептеп,
далақтаумен, ол да бекер бос өтпек.
Басым аман, бауырым да бүтін-дүр,
шүкір,
тәубе,
десек те...
Күпір сөйлеп, Құдіретке бұлданып,
отырғам жоқ, қайғы баптап, мұң бағып,
түсінерсіз,
түсінберсіз, өкпе жоқ,
шырмауықтай ойларыма шырмалып,
құлазимын...
Ой деген не?!
Ой ішінде ойланам
Ол да өзінің шеңберінде ойнаған;
Ол да өзінше сыйынады Біреуге,
Ол да өзінше жұлдыздардай жайнаған...
Ой деген не?!
Қанымдағы ғарыштан,
аққан "жұлдыз" - үйлескен Нұр табысқан.
Үйлескен Нұр әр сәт сайын табысқан,
Мүмкін, әлі туылмаған Данышпан.
Қаңырдым.
Келер күзгі тамшысында жаңбырдың
тозаңнан да миллион есе кішкентай,
көзін көре аламыз ба Тағдырдың?
...Есі қисық, еріккен,
Жан емеспін бет саудалап желіккен.
Рахмет, былай бәрі та-ма-ша,
Өз-өзімді іштен жеймін неліктен?!

Іштен тындым неліктен?!

Бауыржан ҚарағызұлыБауыржан Қарағызұлы
8 жыл бұрын 3679
1 пікір
  • «Менің айтайын дегенім тіптен көбейіп, оған деген уақытым сарқылып бара жатыр»
    Пабло Пикассо
    8 жыл бұрын
Блог туралы