Күтіңіз
Күтіңіз

Қоңыр күз оянған сағатта,
Мен сізге барамын, күтіңіз...

Ақ жаңбыр төгілген түндерде,
Түс болып енемін, күтіңіз.
Ақ өлең оқимын гүлдерге
күтіңіз.
Алқымда ащы жас тұншығып,
сағынып келемін, күтіңіз...
"Ұмыттым..." дегенде күрсініп,
оған да сенемін, күтіңіз.
Содан ше? 
Содан соң ерігіп,
Керігіп, күлемін, күтіңіз,
Болмашы əуенге елігіп,
əдейі
елемей жүремін, күтіңіз.
Ғашықтық - сезікпен қауышу,
ақылдың демімен, күтіңіз.
Сөздердің шынайы дауысын,
еститін сəттерді, күтіңіз.

Бауыржан ҚарағызұлыБауыржан Қарағызұлы
8 жыл бұрын 6060
0 пікір
Блог туралы