Уақыт - жоқ, Мен де - "жоқпын" бұл жерде,уақыт жоқ, ойлануға біздерге.Топырақтың күрсінісін айтайын,бәлкім, қызық "Сіздерге":ішімізден келер күнді есептеп,далақтаумен, ол да бекер бос өтпек.Басым аман, бауырым да бүтін-дүр,шүкір,тәубе,десек те...Күпір сөйлеп, Құдіретке бұлданып,отырғам жоқ, қайғы баптап, мұң бағып,түсінерсіз,түсінберсіз, өкпе жоқ,шырмауықтай ойларыма шырмалып,құлазимын...Ой деген не?!Ой ішінде ойланамОл да өзінің шеңберінде ойнаған;Ол да өзінше сыйынады Біреуге,Ол да өзінше жұлдыздардай жайнаған...Ой деген не?!Қанымдағы ғарыштан,аққан "жұлдыз" - үйлескен Нұр...